Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы ПД бастығының орынбасары аудандарға іссапармен барды

Қызылорда облысы ПД бастығының орынбасары аудандарға іссапармен барды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Ішкі істер министрінің және департамент бастығының берілген тапсырмаларына сәйкес
департамент бастығының орынбасары Сейтмұрат Туляпов Қармақшы, Жалағаш және Сырдария аудандарына іссапармен барды.
Аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамымен кездесіп, тиісті тапсырмалар берді. Қазіргі уақытта департаменттің жеке құрамы мерекелерге байланысты күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Осыған байланысты Сейтмұрат Сұлтанбекұлы қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың тыныштығын сақтау, жеке құрам арасында оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша қызметкерлерге бірқатар міндеттер жүктеді. Құқық бұзушылықтардың жолын кесу, мүлдем төзбеушілік пен жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз етуді тапсырды.

Жалпы, өңір сақшыларының алдына қойылған басты міндет - сапалы қызмет, халықпен етене жақын болып, қылмыстардың себептері мен жағдайларын анықтау және олардың алдын алу шараларын қабылдау. Полицейлер тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тәртіпті нығайту жолында аянбай еңбек етуде. Жалпы облыс көлеміндегі қоғамдық орындардағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қылмыстардың алды алу бағытында полиция қызметкерлерімен атқарылған бұл шаралардың нәтижесінде қылмыс саны азайды.

— “Полиция – халыққа жақын болу қажет” деген қағида күн тәртібінен түспейді. Өзімізге жүктелген үлкен жауапкершілік пен тапсырмаларды жүзеге асыру жолында жоспарлы жұмыстар жүргізудеміз. Осы бағытта полиция қызметкерлері мен қарапайым халықтың арасындағы қарым-қатынасты нығайта беру басты міндеттеріміздің бірі, — деді департамент бастығының орынбасары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру