Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы ПД бастығының орынбасары аудандарға іссапармен барды

Қызылорда облысы ПД бастығының орынбасары аудандарға іссапармен барды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Департамент бастығының орынбасары Сейтмұрат Туляпов Жаңақорған және Шиелі аудандарына іссапармен барды. Қазақстан Республикасының ІІМ жариялаған “Профилактика жылы” және "Заң мен Тәртіп" принципін жүзеге асыру шеңберіндегі басым бағыттар талқыланды.

Жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың кеңейтілген мәжілісінде айтылған негізгі талаптар мен тапсырмаларын жеткізді. Сондай-ақ бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыс нәтижелеріне арналған кеңейтілген мәжіліс өтті. Құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және халықпен тиімді өзара іс-қимыл жасауға назар аудару керектігін де баса айтты.

Сапар аясында полиция қызметінің негізгі бағыттарын нақты айқындады. Атап айтқанда, құқықтық тәртіпті нығайту, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сервистік модельді енгізу, кадрлық әлеуетті арттыру, цифрландыру, сондай-ақ жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселелері көтерілді.

Сонымен қатар аудандық полиция бөлімдерінің материалдық-техникалық базасымен танысып, қызметтік автокөліктердің техникалық жағдайы мен тазалығын, нысандық киім үлгісі мен құжаттарының толықтығын тексерді. Саптық дайындықтың талапқа сай болуын бақылап, қызметкерлерге саптық тәртіп пен киім үлгісін сақтаудың маңыздылығын ескертті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру