Қызылорда облысы ПД бірінші жартыжылдықты қорытындылады
Қызылорда облысы ПД бірінші жартыжылдықты қорытындылады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Департамент бастығы Серік Ергешов жедел кеңес өткізіп, 2025 жылдың І жартыжылдығын қорытындылады. Жиынға департамент бастығының орынбасарлары, басқарма, қала, аудан басшылары және жеке құрам қатысты.
Жиында биылғы 6 айда ішкі істер органдары атқарған жұмыстың қорытындылары және Президент тапсырмаларын орындау барысы қаралды.
Бүгінгі таңда өңірімізде криминогендік ахуал тұрақты. Жалпы облыс көлеміндегі қоғамдық орындардағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қылмыстардың алдын алу бағытында полиция қызметкерлерімен атқарылған шаралар нәтижесінде қылмыс саны азайды.
Кеңес барысында департамент бастығының орынбасарлары жетекшілік ететін салалары бойынша баяндама жасап, қызмет басшыларының есебі тыңдалды.
Жиында полицияның жұмысын жақсарту, ішкі істер органдарын цифрландыру, полицияны халыққа жақындату, оң имиджін нығайту, халықтың сенім деңгейін арттыру және полиция қызметінің өзекті мәселелері туралы халықты жан-жақты және шынайы ақпараттандыру, полиция қызметін жетілдіру бағытындағы шаралар жөнінде сөз қозғалды.
Сондай-ақ жедел-қызметтік жұмыс талқыланып, халықпен тиімді серіктестік орнату, ішкі істер органдарының қызметінде ашықтықты және айқындықты қамтамасыз ету мәселелері нақтыланды.
Полиция департаментінің бастығы жедел-қызметтік жұмыстарды қорытындылап, алдағы уақытта атқарылатын міндеттер бойынша департаменттің басқарма, бөлім, бөлімшелері басшыларына құқық бұзушылықтардың, оның ішінде жасөспірімдер қылмысының алдын алуға, алаяқтық, ұрлыққа қарсы іс-қимылға, есірткі қылмысына қарсы күреске, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және т. б. мәселелерге қатысты нақты міндеттер қойды.
Сондай-ақ Серік Жүрсінбайұлы құқықтық тәртіп деңгейін одан әрі арттыруға, азаматтардың полицияға деген сенімін нығайтуға және қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы тұрудың тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма беріп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатындағы басым бағыттарды жауапкершілікпен атқаруды тапсырды.