Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы ПД-да еріктілер мен белсенді жастарға арналған ашық есік күні өтті

Қызылорда облысы ПД-да еріктілер мен белсенді жастарға арналған ашық есік күні өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ашық есік күні акциясы аясында бүгін “Аманат” партиясы “Жастар Рухы” Жастар қанатының еріктілері және “Qosyl” қалалық жастар орталығының белсенді жастары департаменттің мұражайы, криминалистика басқармасы мен жедел басқару орталығына экскурсия жасады.
Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, отбасылық және адамгершілік-рухани құндылықтарын насихаттау, азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру, сондай-ақ полиция жұмысымен таныстыру және қауіпсіздік шараларына үйрету.


Мұражай қызметкері қатысушыларды жылы шыраймен қарсы алып, жыл сайын толығып жатқан экспонаттарымен және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде аяңбай қызмет жасаған ардагерлер туралы сақталған мәліметтерімен таныстырып, мол мағлұмат берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру