Қызылорда облысы ПД-да кадр және медицина қызметкерлері мен ардагерлер марапатталды
Қызылорда облысы ПД бастығы кадр және медицина қызметтерінің жеке құрамы мен ардагерлерін марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Қызылорда облысы Полиция департаментінде 12 қазан – Кадр және медицина қызметтерінің құрылған күніне орай салтанатты шара өтті.
– Құрметті ішкі істер органдарының ардагерлері, тәртіп сақшылары, Сіздерді 12 қазан – Кадр қызметі және медицина қызметі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз. Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атаққа абыройлы қызмет ете беріңіздер! Еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын, – деп атап өтті Қызылорда облысы ПД бастығы Мұхтар Қожабаев.
Департамент бастығы өздерінің қызметтерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген қызметкерлерді, ардагерлерді марапаттады. Департамент бастығының бұйрығымен ішкі істер органдарының ардагерлері – Бекбай Раимбеков, Махмудин Шохатаев, Феруза Абубакирова, Палымкүл Жұбатқанова, Ерғали Шерімбетов, Асылхан Әбдіреев, Молдахмет Ағыбаев, Марат Ағыбаев, Дінмұхамед Әбілқасымов, Абылай Жапаров, Манарбек Есжанов, Дәуіржан Пшанов грамотамен марапатталды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің бұйрығымен «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісімен үш қызметкер, төрт қызметкер грамотамен, алғыс хатпен бес қызметкер марапатталды. Сонымен қатар ПД бұйрығымен медицина саласының 15 қызметкері марапатталды. Іс-шара соңы облыстық өнер жұлдыздары мен өнерпаз полицейлердің мерекелік концертіне ұласты.