Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы ПД-да кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында жиын өтті

Қызылорда облысы ПД-да кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ілияс Жұмағұловтың төрағалығымен “Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы шаралар” тақырыбында ауқымды жиын өтті. Жиынға мүдделі қызметтер, облыстық білім басқармасының қызметкерлері, мектеп директорлары және полиция қызметкерлері қатысты.

Жасөспірімдер арасындағы және оларға қарсы жасалған қылмыстар қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

– Талдау барысында қылмыс жасау себептеріне: ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауы, оларды өз бетінше қалдырып, бос уақытын қадағаламауы, отбасындағы қолайсыз жағдайлар, – деді І. Жұмағұлов.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бойынша өңірімізде тиісті жұмыстар атқарылуда. Облыста жалпы білім беру мекемелерінде 2023-2024 оқу жылына департамент бұйрығымен мектептер мен колледждерге аймақтық ювеналды полиция бөліністерінің, криминалды полиция, учаскелік полиция инспекторлары бекітілді. Оқушылар мен студенттердің құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында “Бұзақылық, буллинг, интернет қауіпсіздігі, кибербуллинг, лудомания, нашақорлық, жыныстық қол сұғылмаушылық қылмысы, жол-көлік оқиғаларының алдын алу” тақырыбында дәрістер оқылды.

Жасөспірімдерге қарсы және олармен жасалатын қылмыстар, алкоголь, есірткінің зияны, ата-ананың бала тәрбиесіндегі, жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершіліктері туралы кездесулер ұйымдастырылып, арнайы әзірленген хабарламалар ілініп, халық көп шоғырланатын жерлерде жадынамалар таратылды. Сонымен қатар “Жасөспірім”, “Балалар түнгі қалада” жедел-профилактикалық шаралары, “Түнгі қала”, “Квадрат” рейдтері ұдайы жүргізілуде. Іс-шаралар нәтижесінде 2992 құқық бұзушылық анықталып, қаңғыбастық пен кезбелікке салынған 128 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылса, 640 жасөспірімге әкімшілік хаттама толтырылды.

Жиын барысында департамент бастығының орынбасары І.Жұмағұлов оқу жылының аяқталуына орай өткізілетін іс-шаралар кезінде жас түлектердің беймезгіл уақытта жүрмеуі, кортежге шықпауы, отырыстар жасамауы, белгіленбеген жерлерге суға түспеулері бойынша ата-аналар жиналыстарында хаттамалау арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Қызылорда өңірінің полицейлері бұл шаралардың өткізілуі кезінде қоғамдық қауіпсіздікті күшейтіп, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылатын болады.

Білім басқармасының мәліметіне сәйкес, биыл облыс бойынша барлығы 300 мектепті 8 мыңнан астам түлек бітірмек.

– Жазғы демалыстың басталысымен балалардың бос уақыты көбейеді. Бұл орайда ата-аналарға сақтық шараларын күшейткен абзал, – дейді І.Жұмағұлов.

Айта кетерлігі, жазғы мезгілде жасөспірімдердің көптеп шоғырланатын қалалық демалыс паркінде олардың кешкі серуендеуі кезінде қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мақсатында арнайы қызметкерлер бөлініп, қызмет атқаратын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру