Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы ПД-да Консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті

Қызылорда облысының Полиция департаментінде Консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңес отырысына Консультативтік-кеңесші органның төрағасы, Қызылорда облысының құрметті азаматы Нұрмұрат Ерманов және кеңес мүшелері, Полиция департаментінің басшылығы қатысты. Қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің басшылары өз кезегінде бейнеконференция режимінде байланысқа шықты.

Бүгінгі отырыстың күн тәртібінде Қызылорда облысының Полиция департаменті жанынан құрылған Консультативтік-кеңесші органның мүшелерін тағайындау мәселесі қаралды. Кеңес төрағасы Нұрмұрат Ерманов Консультативтік-кеңесші органның мүшелерін ашық дауыс беру арқылы қабылдауды ұсынды. Ашық дауыс беру арқылы өңір азаматтары кеңес мүшелері болып тағайындалды. Нәтижесімен ресми түрде Консультативтік-кеңесші органның төрағасы болып Нұрмұрат Ерманов қайта тағайындалса, мүшелері болып AMANAT партиясы Қызылорда қалалық филиалының атқарушы хатшысы Шәріп Абдрахманов , Қызылорда облыстық “Qyzylorda” телеарнасы директорының орынбасары Айсұлу Қасымова , “Қазақстандағы орыс қауымдастығы” қоғамдық бірлестігінің Қызылорда филиалының төрағасы Владимир Толоконников, Қызылорда облысы Полиция департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбол Тұңғышбай, “Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттағы AMANAT партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мақсұт Нәлібаев, ҚР ІІМ Ішкі істер органдарының Құрметті ардагері, ҚР Журналистер одағының мүшесі Әмірбек Шаймағамбетов, Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты, қоғам белсендісі Ерлан Мұсаев, “Самұрық” инновациялық идеяларды дамыту орталығы” қоғамдық қорының директоры Жандос Тұсмағамбетов сайланды.

Жиында облыстың бас полицейі сөз алып, жаңадан тағайындалған кеңес мүшелеріне алғысын білдіріп, алдағы уақытта қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы біріккен жұмыстың нәтижелі болатынына сенім білдірді.

– Қазіргі таңда еліміздің ішкі қауіпсіздігінің сақталуы аса маңызды болып отыр. Бұл тек қана полицияның емес, барлығымыз бірлесе атқарар іс екендігі белгілі. Біз сіздерді полиция мен елдің арасындағы алтын көпір ретінде танимыз, – деп атап өтті департамент бастығы Мұхтар Қожабаев.

Сонымен қатар кеңес мүшелері тарапынан полицияның жұмысын жақсарту, полицияны халыққа жақындату және халықтың сенімін арттыру, полиция қызметінің өзекті мәселелері туралы халықты жан-жақты және шынайы ақпараттандыру, полиция қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді. Кеңес соңында төраға Нұрмұрат Ерманов жыл бойы атқарылған жұмыстарды, қол жеткізілген көрсеткіштерді саралап, отырысты қорытындылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру