Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы ПД-да қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтау бойынша жедел кеңес өтті

Қызылорда облысы деп полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Тәубақабылұлының төрағалығымен жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңеске Қызылорда облысы полиция департаментіне қарасты барлық қала және аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамы қатысты.

Күн тәртібінде жеке құрам арасындағы қызметтік тәртіп пен заңдылықтың жағдайы, сондай-ақ Әдеп кодексі талаптарының сақталуы мәселелері жан-жақты талқыланды. Оралбек Тәубақабылұлы кеңесті ашып, Ішкі істер министрлігінің шолуында көрсетілген «Ішкі істер органдарында заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы» мәселелерді жеке құрамға жеткізді. Ол аталған мәселелерді мұқият талдап, терең талдау жасады.

Қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күрес – әрдайым өзектілігін жоғалтпайтын күрделі тақырып. Қазіргі қазақ полициясының басты міндеттерінің бірі – қолжетімділікті арттырып, ашықтықты қамтамасыз етіп, тұрғындармен тиімді кері байланыс орнату. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін Қызылорда облысы полиция департаменті жоспарлы шаралар жүргізуде.

Департаменттің барлық құрылымдарында және қалалық, аудандық полиция бөлімдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты шаралар қабылданып, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық әрекеттерін анықтау және алдын алу бойынша рейдтік шаралар үздіксіз жүргізілуде.

Кеңес барысында Тәрбие және кадр басқармасы бастығының орынбасары А.Балқожаев және жеке құрам инспекциясының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Б. Шахмет өз баяндамаларын жасап, атқарылған шаралар бойынша есеп берді.

– Бүгінгі таңда жеке құрам арасындағы заңдылық пен тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесін үнемі бақылауда ұстап келеміз. Қызметкерлеріміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы беріктігін тексеру де тұрақты жүргізіледі. Департамент басшылығы жемқорлыққа жол беретін жағдайлар мен себептерді жоюға айрықша назар аударып, жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған нақты шараларды қабылдауда. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылыққа қасақана барғандар заң аясында қатаң жазаға тартылады. Тұрақты түрде қызметкерлермен және олардың отбасы мүшелерімен кездесулер ұйымдастырылып, күнделікті саптық жиындарда түсіндірме жұмыстары жүргізіледі» – деді Оралбек Тәубақабылұлы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру