Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы ПД Кинология орталығының жұмысын тексерді

Қызылорда облысы ПД Кинология орталығының жұмысын тексерді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Тоқтыбаев Кинология қызметі орталығының жұмысымен танысып, бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Айта кету керек, қызметтік-іздестіру иттері биылғы жылдың басынан бері 139 қылмыстың ашылуына септігін тигізген. Атап айтқанда: есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп атқарылған жедел іс-шаралар нәтижесінде 68 есірткіге қатысты қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.

Криминалдық полиция бағытында қызметтік иттердің көмегімен 33 қылмыс, оның ішінде бөтен мүлік ұрлығы және басқа да қылмыстар ашылды. Одорологиялық зерттеулерге 28 рет қатыстырылып, 14 дәлелді іріктеу нәтижесі тіркелді.

Жарылғыш заттарды іздеу бағытында 73 тексеру жүргізіліп, жарылғыш заттар анықталған жоқ.
Сонымен қатар 1 маусым – 30 қазан аралығында өткізілген “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қызметтік иттердің көмегімен 15 есірткіге қатысты қылмыстық құқық бұзушылық анықталып, айналымнан 92,98 гр марихуана мен 4,87 гр гашиш тәркіленді.

Қазіргі таңда Қызылорда облыстық ПД Кинология қызметі орталығында 19 қызметтік-іздестіру иті бар. Барлық кинолог мамандар ҚР ІІМ Кинологиялық орталығында арнайы курстардан өткен. Қызметтік иттердің қырағылығы мен кинолог мамандардың кәсіби шеберлігі қылмыстың алдын алуда маңызды рөл атқарып отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру