Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы ПД-ның жеке құрамы жас қызметкерлермен толықты

Қызылорда облысы ПД-ның жеке құрамы жас қызметкерлермен толықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ-нің Ақтөбе заң институтының базасында алғашқы даярлық курсын бітіріп келген 30 үміткер облыс көлемінде әртүрлі қатардағы және кіші басшы құрам лауазымдарына тағайындалды.

ІІМ-нің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 896-бұйрығына сәйкес ішкі істер органдарына алғаш кіретін адамға кәсіби бейімделуіне оған практикалық көмек көрсету мақсатында кәсіби білікті және айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер қатарынан тәлімгерлер бекітіледі. Бұл ретте жас мамандарды тиісті лауазымдарға тағайындай отырып, оларға бір мезгілде тәлімгерлер бекітілді.

Тәлімгерлер – ішкі істер органдарына жаңадан қабылданған жас мамандардың қызметке бейімделулеріне, мамандығын меңгерулеріне көмек көрсетеді және олардың бойында жағымды қасиеттер мен кәсіби дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді. Осы тұрғыда департамент бастығының орынбасары Омаров Оралбек жас қызметкерлермен және оларға бекітілген тәлімгерлермен кездесіп, ІІМ-нің № 896 бұйрығының талаптарын жеткізді.

Сонымен қатар О.Омаров жас қызметкерлерге алдағы ішкі істер органдарындағы қызметтеріне сәттілік тілеп, ел тыныштығын сақтау жолында аянбай қызмет етуге шақырды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру