Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы ПД бастығының бірінші орынбасары тағайындалды

Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимовтың жеке құрамға жаңадан тағайындалған бірінші орынбасары таныстырылды. Министрдің бұйрығымен Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметіне полиция полковнигі  Ермахан Абдраманов тағайындалды.

Абдраманов Ермахан ҚР ІІМ-нің Алматы қаласы жоғары мектебін тәмамдаған. Еңбек жолын жедел уәкіл болып бастаған, әр түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2022 жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Шымкент қаласының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Махсудхан Аблазимов  жаңа орынбасарға табысты әрі жемісті жұмыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру