Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы полиция департаментінде ардагерлермен кездесу жиыны өтті

Қызылорда облысы полиция департаментінде ардагерлермен кездесу жиыны өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесуге департамент бастығының орынбасары Оралбек Омаров, тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы мен орынбасары, Қызылорда облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының, Қызылорда қаласы полиция басқармасының, жол полиция саласының ардагерлері, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ардагерлер кеңестерінің, бастауыш ұйымдарының төрағалары, орынбасарлары, кеңес мүшелері қатысты.

Жиын барысында жуырда өткен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің пленумында қаралған мәселелер туралы сөз қозғалды. Адагерлер кеңесінің төрағасы Серікбол Тұңғышбай осы және өзге де мәселелерге кеңінен тоқталды. Жиынға қатысушылар еркін форматта пікір алмасып, ойларын ортаға салды.

Бұдан бөлек, Тәлімгерлер кеңесінің жұмысын және барлық бастауыш ардагерлер ұйымдарының жұмыстарын жандандыру мәселесі туралы сөз қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру