Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы ҮЕҰ өкілдерімен кездесті
Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы ҮЕҰ өкілдерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті.
Бүгінгі таңда Қызылорда облысының Полиция департаменті 10-ға жуық үкіметтік емес ұйымдармен тығыз жұмыс жасауда.
Кездесуде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы» және Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы ішкі істер органдарының жетістіктері туралы мәселе қаралды.
– Үкіметтік емес ұйымдар – мемлекетіміздегі қарқынды дамушы институттардың бірі. Олармен өзара іс-қимыл жүйесін жетілдіру шеңберінде өткізілген бұл кездесудің маңызы зор. Кездесу барысында қаралған әрбір мәселе жіті назарға алынып, бұл бағытта тиісті шаралар жүзеге асырылатын болады, - деді Сұлтан Бектөре.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері ішкі істер органдары жүйесінде көптеген реформалар болды. Оң өзгерістердің нәтижесі ретінде полицияның сервистік модельге көшуін айтуымызға болады. Әрбір тұрғынның пікірі ескеріле отырып, қоғамдық қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешуге бағытталған полиция қызметінің тиімділігі артады.
Облыс полицейлерімен атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жалпы қылмыс 15 пайызға, қоғамдық орында және көшеде жасалған қылмыс 15 пайызға төмендеді.
«2018-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту» жөніндегі Жол картасы негізінде штаттық бірліктер қысқартылып, полициядан өзіне тән емес функциялар алып тасталды. Босатылған қаражат есебінен қызметкерлердің еңбекақысы көтеріліп, әлеуметтік-материалдық жағдайы жақсарды.
Сондай-ақ, кездесу барысында қоғамдық қауіпсіздік, жол қауіпсіздігі, материалдық-техникалық базаның нығайтылуы сынды мәселелер қозғалды.
Осы кездесуде қатысушылар көтерілген мәселелер және алдағы уақыттағы жоспарлар бойынша ұсыныстарымен бөлісіп, пікірлер мұқият талдаудан өткізілді.
Өз кезегінде «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда филиалының төрағасы Владимир Толоконников соңғы уақытта полиция қызметінде байқалатын оң өзгерістерді атап өтті.