Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы ҚАЖД-да 42 қызметкер марапатқа ие болды

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері 23 маусым – Полиция күнін салтанатты түрде атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мәжіліс залында 23 маусым – Қазақстан полициясы күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Шараға департамент басшылығы, мекеме бастықтары және жеке құрам қатысты. Мерекелік шара Әнұранды орындаумен басталып, департамент бастығының міндетін атқарушы Жүніс Өтегенұлының құттықтау сөзімен жалғасты.

Шара барысында ҚР ІІМ-нің, ҚАЖ комитеті, ҚАЖ департаментінің марапаттау бұйрықтары оқылып, 42 қызметкер марапатқа ие болып, «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен ЗК-169/5 мекемесі бастығының орынбасары Бақыт Наурызбаев, Жаңақорған аудандық пробация қызметінің бастығы Анарбек Искаков марапатталды.

Сонымен қатар, жеті қызметкер Қызылорда облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Бұдан бөлек, мерекелік шара барысында ҚАЖ департаменті мекемелері мен пробация қызметінде антына адал қызмет атқарған Балғабаев Дархан және әділет капитаны Ғани Рақымжанды зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі өткізілді.

Департамент бастығының міндетін атқарушы Ж. Әбдіқайыров зейнеткерлерге қым-қуыт, қауырт қызметті қиынсынбай, абыроймен осыншама жыл атқарып келгендері үшін алғысын білдіріп, отбасыларына мол бақыт, денсаулық, қажымас қайрат тілеп, ыстық лебізін білдірді. Мерекелік шара әрі қарай концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, мереке иелерінің құрметіне әндер шырқалып, өлеңдер айтылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру