Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы ҚАЖД-да жаза өтеуден жалтару бойынша оқу-жаттығу өтті

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесінде режим және қадағалау бөлімінің ұйымдастыруымен жаза өтеуден жалтару әрекетінің алдын алу бойынша оқу-жаттығу өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шараның мақсаты — мекеме қызметкерлерінің төтенше жағдайларда, атап айтқанда сотталғанның қашу әрекеті кезінде жедел және үйлесімді іс-қимыл жасау дағдыларын тексеру болды.

Оқу-жаттығуға мекеменің жеке құрамымен қатар, Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері де қатысты. Бірлескен іс-қимыл барысында шартты түрде сотталған азаматтың мекемеден қашу жағдайы пысықталып, дабыл бойынша әрекет ету, қашқан тұлғаны ұстау тәртібі тәжірибе жүзінде көрсетілді.

Мекеме басшылығы оқу-жаттығудың жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, мұндай іс-шаралардың қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттыруға, өзара іс-қимылды нығайтуға және қауіпсіздік талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететінін жеткізді.

— Мұндай оқу-жаттығулардың негізгі мақсаты – кез келген төтенше жағдай кезінде қызметкерлердің жедел және дұрыс шешім қабылдау қабілетін тексеру. Әр қызметкер өз учаскесінде нақты әрекет етуді меңгеруі тиіс, — деді мекеме бастығының орынбасары Нұрлан Мұхтаров.

Жаттығу қорытындысы бойынша жеке құрамның дайындық деңгейі оң бағаланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру