Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы ҚАЖД-ның түзеу мекемесінде “Қамал” оқу-жаттығуы өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 түзеу мекемесінде “Қамал” оқу-жаттығуы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мекеме бастығы мен жеке құрам қызметкерлері қатысқан шынайы ұрыс жағдайында ұйымдастырылған оқу-жаттығудың басты мақсаты – қауіп-қатердің алдын алу, жеке құрамның физикалық және жауынгерлік дайындығын пысықтау.

– Әрбір қызметкер кез-келген төтенше жағдайға дайын болуы қажет. Мұндай оқу-жаттығу мекеме қызметкерлерінің қызметтік, жауынгерлік және кәсіби дайындықтарының деңгейін көрсетеді. Нақты өмірлік жағдайға жақын өткізілген оқу-жаттығу жеке құрамның тәжірибесін арттыратыны анық, – деді мекеме бастығы Мақсұт Өтетлеуов.

Оқу-жаттығу барысында жеке құрам мекеме бастығының қосымша нұсқаулығы арқылы жауынгерлік шеберліктерін пысықтап, кез-келген жағдайға дайын екендіктерін көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру