Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында 274 полицей әйел қызмет атқарады

Қызылорда облысында 274 полицей әйел қызмет атқарады, — деп хабарлайды Polisia.kz

1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі “Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы” Заңды қабылдады және 2007 жылы 5 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен 23 маусым – Полиция күні деп бекітілді. Қазақстан полициясы күні – осы жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болғандарға, ардагерлерге және бүгінде еңбек етіп жүргендерге ризашылық пен алғыс білдіру күні. Сонымен қатар бұл күн бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан еткендерге құрмет көрсету күні болып саналады. Осы күні егеменді елімізде Қазақстан полициясының іргетасын қалаған ардагерлерге құрмет көрсетіп, тыныштық пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтауда жан қиған әріптестерімізді еске аламыз.

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция капитаны Әбішев Кеңесбек Махметханұлының құрметіне Жалағаш ауданындағы №124 орта мектебінде, полиция лейтенанты Қозыбаев Талғат Есентайұлының құрметіне Сырдария ауданындағы №131 орта мектебінде, милиция лейтенанты Бектұрсынов Есен Бақтиярұлының құрметіне Шиелі ауданындағы №47 мектеп-лицейінде және полиция лейтенанты Қозыбаев Талғат Есентайұлының құрметіне Арал қаласындағы №71 орта мектебінде “Жас сақшы” полиция сыныптары ашылды.

Қызылорда облысы полиция департаментіне қарасты ардагерлер ұйымында 2500-ден астам ардагер-зейнеткерлер тіркелген. Сонымен қатар полиция қатарында ерлермен бірге погон таққан 274 әйел қызметкер қызмет атқарады. Мемлекет басшысының “Жұртқа жақын полиция” қағидатын орындау аясында тиісті жұмыстар жасалуда.

Қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмысқа қарсы күрес, тұрғындарды қауіп-қатерден қорғау үшін полиция департаментінің материалдық-техникалық жағдайының жақсаруына жергілікті атқарушы органдардың көмегі зор.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру