Қызылорда облысында 700-ден астам шетелдік әкімшілік жауапқа тартылды
Қызылорда облысында көші-қон заңнамасын бұзған 700-ден астам шетелдік әкімшілік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың жеті айында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі бөліністерімен облыс аумағында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Жыл басынан облыс аумағына түрлі мақсаттармен келген 2 138 шетел азаматтары уақытша тіркеуге алынды, оның 1 973 ТМД елдерінен, ал 165 алыс шетелдерден келгендер. Шетелдіктердің ішінде 249 жеке мақсатта, 32-і іс сапармен, 1 838-і жұмысқа, 7 оқуға, 1-і миссионер, басқа мақсаттарда 11-і келіп тіркелгендер. Олардың 1 747-і Өзбекстан Республикасынан, 19-і Қырғызстаннан, 169-і Ресейден, 155-і ҚХР-нан.
Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған 749 шетелдік анықталып, олар ҚР ӘҚбТК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамадарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған 389 азаматқа және шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған 72 азаматқа Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 519 және 518-баптарымен әкімшілік шара көрілді.
Әкімшілік кодекстің 517-бабы бойынша әкімшілік жолмен республика аумағынан 64 шетелдік шығарылды. Сотқа дейіңгі тергеп-тексеру тізіліміне екі қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелді.