Қызылорда облысында 75 келіден астам балықты заңсыз аулаған тұрғын ұсталды
Қызылорда облысында 75 келіден астам балықты заңсыз аулаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қармақшы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері рейд барысында Ақжар-Көмекбаев ауылдарының ішкі тас жолының Тұрмағанбет ауылы тұсында қала тұрғыны басқаруындағы Niva-2121 көлігін тоқтатты.
Тексеру кезінде жүк салғышынан заңсыз ауланған үш қап балық, екі жарық шам, бір шанышқы айғақ зат ретінде алынған. Тағайындалған тауартану зерттеу бойынша жүргізілген сараптама қорытындысымен үш қапқа салынған балықтың жалпы салмағы 75 келі 652 грамм екені анықталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 335-бабының 1-бөлігімен (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.