Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында алауыздықты тудыратын жазба таратқан тұрғынға қатысты сот үкімі шықты

Қызылорда облысында алауыздықты тудыратын жазба таратқан тұрғынға қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында деструктивті діни ағым ұстанушысы, қала тұрғыны 36 жастағы ер азамат Telegram месенджері арқылы  экстремистік материалдарды таратқаны анықталды. 

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. 

Нәтижесінде Қызылорда қалалық сотының үкімімен азамат кінәлі деп танылып, оған 4 (төрт) жыл мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру