Қызылорда облысында әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 195 жасөспірім анықталды
Қызылорда облысында рейд барысында әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 195 жасөспірім анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс көлемінде кәмелетке толмағандар мен жастар арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықты алдын алу, болдырмау бағытында және кәмелетке толмағандардың жүріс тұрыстарына бақылау жасау, заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта, көшеде және ойын-сауық орындарында бей-берекет жүретін жасөспірімдерді анықтау, қылмысқа бейім, тәртібі қиын балаларды полиция органдарының есебіне алу мақсатында 2021 жылдың 19 мен 25 сәуір аралығында облыс көлемінде «Заң-Бала-Қауіпсіздік» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның үш күнінде полиция органдарына барлығы 217 кәмелетке толмағандар жеткізілсе, оның 195 әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандары үшін жеткізіліп, ата-аналарына әкімшілік хаттамалар толтырылса, 22-і қаңғыбастық пен кезбелікке салынғандары үшін облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
Жүргізілген рейдттік шара барысында ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) – үш дерек, 200-бабымен (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) алты дерек анықталды.
Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған ата-аналар бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы) алты дерек анықталса, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен (сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін кәмелетке толмағандар түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуы және сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болуы) барлығы 184 кәмелетке толмаған анықталып, олардың заңды өкілдеріне әкімшілік шаралар көрілді.
Сонымен қатар білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында онлайн форматта «Заң-Бала-Қауіпсіздік» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Полиция департаментінің басшылығының тапсырмасына сәйкес ата-аналармен онлайн түрде кездесулер өткізіліп, оларға құқықтары мен міндеттерін, қылмыс пен құқық бұзушылықтың зардаптарын, олардың алдын алу шаралары кеңінен түсіндірілді.