Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында бақшасында 23 түп сора еккен тұрғын ұсталды

Қызылорда облысында бақшасында 23 түп сора еккен тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 12 тамыз күні 53 жастағы қала тұрғыны сора өсімдігін өсіргендігі анықтады.​

​Оқиға орнын тексеру барысында күдікті өз үйінің ауласында 23 түп жасыл түсті өзіне тән ерекше иісі бар өсімдіктерді егіп-өсірген және жасыл түсті өсімдік тәріздес хош иісті затты сақтаған. Сонымен қатар оқиға орнынан өсімдік баптап өсіру үшін құралы яғни 15 метрлік шлангі заттай дәлелдеме ретінде тәркіленді.

Тағайындалған сот-сараптамасының қорытындысына сәйкес анықталған шөп – 23​ түп салмағы 15 келіден асатын сора өсімдігіне жататындығы белгілі болып, ал жасыл түсті өсімдік тәріздес заттың салмағы 329 гр кептірілген марихуанна екендігі бекітілді. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру