Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында бірде-бір қылмыс тіркелмеген ауылдар бар

Қызылорда облысы аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның ішінде Жалағаш ауданы полиция бөлімімен жүзеге асырылып жатқан профилактикалық іс-шаралар нақты нәтижесін беріп отыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері аудандық прокуратурамен бірлесіп, "Ішімдіксіз ауыл" акциясы аясында тұрғындар арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде аудан аумағындағы 9 елдімекенде тұрғындар мен ақсақалдар кеңесінің келісімімен алкоголь өнімдерін сату толықтай тоқтатылды.

Бүгінде Жалағаш ауданында 9 ауыл алкогольсіз ауылдар қатарында. Атап айтқанда, Таң, Еңбек, Есет Батыр, Т.Жүргенов, Жанаталап, Мырзабай Ахун, Шәменов, Аққұм және Ақсу елді мекендері аталған бастаманы қолдады. Ал осы Таң, Еңбек, Есет Батыр, Мырзабай Ахун, Шәменов және Ақсу ауылдық округтерінде бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Бұл – полиция органдары жүргізген жүйелі профилактикалық жұмыстың нақты нәтижесі.

Сонымен қатар учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтарда алкоголь өнімдерінің зияны мен оның қоғамға тигізер кері әсері жөнінде тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру