Қызылорда облысында дрон арқылы ЖҚЕ бұзудың 36 дерегі анықталды
Қызылорда облысында дрон арқылы ЖҚЕ бұзудың 36 дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында Қызылорда облысы ПД Арал ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері заманауи техникалық құралдарды пайдалана отырып іс-шаралар жүргізуде.
Бүгінгі профилактикалық-рейдтік шара кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды бақылау үшін дрон қолданылды. Арал қаласы аумағында профилактикалық рейд жүргізілді. Іс-шара барысында дронның көмегімен барлығы 36 жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі анықталды.
Жүргізушілерге қатысты ӘҚБтК-нің бірнеше баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Осындай жұмыстар жүйелі негізде, оның ішінде жолдардың авариялық-қауіпті учаскелерінде де жалғасатын болады. Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтаудан басқа, Арал ауданының полицейлері автокөлік жүргізушілері арасында жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.