Қызылорда облысында дуалды оқыту негізінде дәрістер өткізу жалғасуда
Қызылорда облысының ПД Анықтау басқармасы бастығының орынбасары Жамал-ад-Дин Назарбек Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 3 курс студенттеріне сабақ өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Жол-көлік оқиғаларына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың криминалистикалық сипаттамасы» тақырыбындағы сабақ дуалды оқыту негізінде жүзеге асырылды.
Сабақ барысында студенттер тақырыпқа байланысты сауалдар қойып, дәріске қызығушылық танытты.
Алдағы уақытта бекітілген жоспарға сәйкес дуалды оқыту негізінде өткізілетін іс-шаралар өз жалғасын табатын болады.