Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында егіз полицейлер тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз етеді

Қызылорда облысы Арал ауданының полиция бөлімінде егіз тәртіп сақшысы қызмет жасайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аралдық егіздер жұптары жазылмай бір саланы таңдаған. Полицей Байқазақ Сағиев  және оның сыңары полицей Әліби Аралбаев  жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы лауазымында қызмет атқарып келеді.

Әлиби Аралбаев қолы қалт еткенде шығармашылықпен айналысып, өнер жағынан өзінің шығарған жүрек жарды жыр шумақтарымен бөлімнің қоғамдық жұмыстарына қатысып, белсенділік танытса,   Байқазақ Сағиев бос уақытында түрлі музыкалық аспаптарда ойнағанды жақсы көреді.

Байқазақ Сағиев нәтижелі жұмыстарының арқасында мақтаулы маман атанды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде  өткен үздік учаскелік полиция инспекторларының слетіне қатысып, грамота мен “Үздік учаскелік инспектор” төсбелгісімен марапатталды.

Адамға көмектесу – егіз полицейдің өмірлік ұстанымы мен басты борышы. Полицейлер аудандағы қоғамдық тәртіпті сақтау мен қамтамасыз етуге қызмет етіп жүрген жауапты мамандар. 31 жастағы жігіттердің қатарласып бір салада жұмыс істеп жүргендеріне біріне 7 жыл, екіншісіне 10 жыл болды.

Екеуі де қызметтерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге ие болғаны үшін бірнеше рет Қызылорда ОПД-нің, бөлім бастығының, аудан әкімінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған.

– Екеуміз де форма киген полиция қызметкерлеріне қызығатын едік, екеуміз бір уақытта шаңырақ көтеріп, ата-анамызды қуанттық. Әкеміз Аралбай Сағиев және анамыз Қазына Абдуллаева медицина саласында дәрігер қызметін атқарып, абыройлы зейнетке шықты. Қатарымыздан кем қылмай өсіріп, оқытты. Ата-анамызға деген алғысымыз шексіз, – дейді Байқазақ Аралбайұлы.

Егіздер бұл саланы таңдағандарына ешқашан өкінген емес. Әріптестері де оларды адал қызметкер ретінде құрмет тұтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру