Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда  облысында экстремизмге қарсы профилактикалық рейдтер жалғасуда

Қызылорда  облысында экстремизмге қарсы профилактикалық рейдтер жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жыл басынан бері облыс аумағында діни экстремизмнің алдын алу мақсатында қарқынды жұмыстар жүргізуде. Тәртіп сақшылары белгіленбеген орындарда діни әдебиеттерді тарату, Қазақстан аумағында тыйым салынған материалдарды заңсыз сақтау, тіркелмеген миссионерлік қызметпен айналысу және діни қызметке кедергі келтіру деректерін анықтау бойынша жоспарлы рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Аталған жұмыстар нәтижесінде 25 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Мәселен, облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны тіркелмеген миссионерлік қызметпен айналысып, заңсыз діни дәрістер ұйымдастырғаны үшін соттың шешімімен кінәлі деп танылды. Оған 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынды.

Құқық қорғау органдары экстремизмнің алдын алу және тұрғындар арасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру