Қызылорда облысында есептегі сотталғандар кітап көрмесіне барды
Қызылорда облысында есептегі сотталғандар кітап көрмесіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Арал аудандық пробация қызметі пробация есебіндегі жастарды аудандық Абай атындағы орталық кітапханаға алып барды. Ондағы мақсаты - олардың бойында адами құндылықтарды қалыптастырып, кітап оқуға баулу, бос уақыттарын тиімді өткізуге түрткі болу.
Кітапхана қызметкері Г.Кулмашева сотталған азаматтарға кітапхана тарихымен, кітапхана қорындағы кітаптармен таныстырып, “Теңізде туған тарландар” тақырыбындағы кітап көрмесімен таныстырды.
– Қазіргі күні кітапхана қорында 80 мыңға жуық кітап бар. Мұнда өзіңізге ұнайтын кез келген әлемдік әдебиет болсын, классикалық көркем туынды дейсіз бе немесе аудармалар, томдық кітаптар, жалпы іздегеніңіз табылады. Оқырман билетін аштырып, кітап алып оқуларыңызға болады. Кітап өзіңізді дамыту үшін керек, – деді кітапхана қызметкері.
– Мен бұрын кітапханаға келе бермейтінмін. Уақытымды босқа өткізіп, теріс жолға түскенімді кеш түсіндім. Бүгінгі "Теңізде туған тарландар" кітап көрмесінен туған жерімдегі белгілі тұлғалар, қайраткерлер туралы көп ақпарат білдім. Кітап оқу арқылы ой-өрісің дамиды, сөздік қорың жақсарады, есте сақтау қабілетің артады. Өзім сияқты жастарға кітапханаға жиі барыңыздар деп айтар едім. Бүгінгі шараны ұйымдастырған пробаця қызметкерлеріне алғысым шексіз, – деді есептегі сотталған азамат
