Қызылорда облысында есептегі сотталғандар мекенжайы бойынша тексерілді
Қызылорда облысында есептегі сотталғандар мекенжайы бойынша тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың және қылмыстың қайталануының алдын алу, сондай-ақ іздеу жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау мақсатында Қызылорда облысында 14-24 наурыз аралығында «Пробация» республикалық профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр.
Аталған профилактикалық іс-шараның басты міндеті – пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың тұрғылықты мекенжайларын тексеру, олармен тәрбиелік-профилактикалық әңгіме-сұхбат жүргізу, материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеріп, әлеуметтік құқықтық көмек көрсету көлемін және пробация қызметі бақылауынан жалтарып жүрген сотталғандарды анықтау.
Профилактикалық шара аясында Арал аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі мен аудандық пробация қызметі есептегі 15 сотталғанның мекенжайын тексеріп, өздерімен және олардың тәрбиесіне оң ықпалын тигізетін туған-туыстарымен профилактикалық сұхбат жүргізді.
Профилактикалық шара барысында мекенжайында болмаған бір сотталғанға ескерту жасалды.