Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында есептегі сотталғандар спорттық сайысқа қатысты

Қызылорда облысында пробация есебіндегі сотталғандар спорттық сайысқа қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қармақшы аудандық пробация қызметі, аудандық жастар ресустық орталығы және «Төретам Жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудандық жастар үйінде пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне тартылған азаматтардың қатысуларымен қол күрес, гір тасын көтеру және үстел теннисінен спорттық іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – пробация есебіндегі сотталғандарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру. Іс-шараға пробация есебіндегі 20 азамат қатысты.

Тартысты да қызықты өткен шара жеңімпаздарына «Төретам Жастары» жастар қоғамдық бірлестігімен I, II, III жүлделі орындарға бағалы сыйлықтар берілсе, белсенді қатысқандар да арнайы марапатпен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру