Қызылорда облысында есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Қызылорда облысында есірткі сақтаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
«Қарасора-2022» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Қызылорда облысы ПД ЕҚҚІҚБ, ҚР Ұлттық ұланның «Бүркіт» АЖ және Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, облыс тұрғынының тұрғылықты жерінен 84 сіріңке қорабына салынған салмағы 359 грамм болатын ірі мөлшерде кептірілген марихуана анықталып, оқиға орнында құрықталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.