Қызылорда облысында интернет-алаяқтық пен құмар ойындарға қарсы ауқымды іс-шара өтті
Қызылорда облысында интернет-алаяқтық пен құмар ойындарға қарсы ауқымды іс-шара өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
“Заң мен тәртіп” тұжырымдамасын насихаттау мақсатында Қызылорда облысы полиция департаменті, экономикалық тергеу департаменті және Шиелі ауданы әкімдігі бірлесіп, интернет-алаяқтық, қаржы пирамидалары, дроптар, сондай-ақ құмар ойындарға тәуелділік (лудомания) секілді қоғамда өзекті мәселелердің алдын алуға бағытталған кең көлемді ақпараттық-профилактикалық іс-шара ұйымдастырды.
Жиынға аудан тұрғындары, сала қызметкерлері мен қоғам белсенділері қатысты. Кездесу барысында алаяқтықтың түрлері, оған тартылатын азаматтардың жауапкершілігі, лудоманияның салдары сынды мәселелер талқыланып, мамандар тарапынан кеңестер берілді. Қатысушылар толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Жиын соңында аудан ардагерлері мен құрметті азаматтар сөз сөйлеп, тұрғындарды алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырып, қоғамның қауіпсіздігі үшін атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағаларын беріп, алғыстарын білдірді.
Бұл бастама – құқықтық сауаттылықты арттыру мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам.