Қызылорда облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша брифинг өтті
Қызылорда облысында ПД бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Серік Тоқтыбаевтың қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Брифинг барысында өңірдің тәртіп сақшыларымен интернет-алаяқтықпен күрес бағытында атқарылған шаралары туралы кеңінен айтылды.
Бүгінгі күні қоғамды цифрландырудың маңызы орасан зор. Онлайн-режимде мемлекеттік, сондай-ақ банктік және өзге де қызметтерді алуға болады. Өкінішке орай, мұны алаяқтар белсенді пайдалануда.
Жыл басынан республика көлемінде 17 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелген. Алаяқтардың әрекетінің нәтижесінде азаматтарға 28,7 млрд. теңгеге жуық шығын келтірілді.
Облыс көлемінде 252 интернет алаяқтық тіркеліп, азаматтарға 117 млн астам шығын келтірілген.
– Оларды жасаудың ең көп тараған тәсілі — ол белгілі сауда алаңдарының сайттарында, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде хабарландырулар орналастыру арқылы жасалатын интернет-сауда. Әдетте, алаяқтар тауардың немесе қызметтің төмен бағасын көрсетеді және алдын-ала төлемді не толық төлемді сұрайды. Биыл 48 осындай қылмыс тіркелді, – деді полиция С.Тоқтыбаев.
Азаматтар күмәнді брокерлік компаниялар мен инвестициялық жобаларға инвестиция салу арқылы ақшаны тез көбейтудің түрлі схемаларына қатысуды жалғастыруда.
Жыл басынан бері 9 адам мұндай схемалардың құрбаны болды, олар өз ақшаларын жоқ (болмаған) инвестициялық жобаларға салды. Сонымен қатар кейбір жағдайларда осы мақсаттар үшін несиелер рәсімделді. Жеңіл ақшаны іздеп, олар жинақтарын жоғалтты.
Келесі кең таралған әдіс — банктер, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар қызметкерлерінің атынан телефон қоңыраулары. Қазір шетелден жасалған алаяқтық қоңырауларды байланыс операторлары таниды және бұғаттайды. Осылайша, жүйенің жұмыс істеу кезеңінде 63 миллионнан астам осындай қоңыраулар тоқтатылды.
Сонымен қатар алаяқтар азаматтарды алдаудың жаңа жолдарын іздеуде. Қазір, негізінен шетелдік нөмірлерден және WhatsApp арқылы қоңырау шалу арқылы жасалған алаяқтықтар тіркелуде. Осылайша, биыл 61 қылмыс жасалды.
Сондай-ақ алаяқтардың сенімі бойынша азаматтар өз еріктерімен несие рәсімдейді не олардың айтуымен телефондарына қашықтан қол жеткізу үшін қосымшалар орнатып, банктерден келген СМС-хабарлама кодтарын хабарлайды. Осылайш азаматтар өздері банктер қолданатын барлық қауіпсіздік шараларынан айналып өтеді.
Кейбір жағдайларда олар қолда бар мүлікті (пәтер, автокөлік) кепілге қояды немесе сатады, ал түскен ақша алаяқтардың шоттарына аударылады.
Банк немесе полиция қызметкерлері ешқашан дербес деректерді хабарлауды сұрамайды және телефон арқылы арнайы операциялар жүргізбейді.
Банктермен бірлесіп азаматтардың шоттарының сақталуын қамтамасыз ету және заңсыз кредиттерді рәсімдеудің жолын кесу, оның ішінде полициямен жедел өзара іс-қимыл бойынша қосымша шаралар іске асырылуда.
Байланыс операторларымен фрод-қоңырауларға қарсы іс-қимыл туралы меморандумдар жасалды. Осындай келісімдерге «Колеса», «Крыша» хабарландыру сайттарымен және ЦАРКА IT-компаниясымен (Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы) қол қойылды.
Барлық өңірлерде интернет-алаяқтықтарды тергеу бойынша «Киберпол» мамандандырылған топтары құрылып, жұмысын атқаруда.
Мұндай қылмыстарды анықтауға және ашуға, сондай-ақ ұйымдастырушылар мен қатысушыларды ұстауға бағытталған шаралар кешені іске асырылып жатыр.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауымен республика көлемінде интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу және ашу мақсатында қараша айының 12-14 күндері «Anti-fraud» жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
Алаяқтардың айла-амалдарына түсіп қалмас үшін төмендегі ұсыныстарды орындау қажет:
– Банктер, брокерлік, инвестициялық компаниялар немесе құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кредиттерді рәсімдеу, мүлікті сату және өз ақшасын қауіпсіз шоттарға аудару не қарыздарды рәсімдеу туралы «телефон» деп аталатын нұсқауларын ешбір жағдайда орындамау. Құқық қорғау органдары телефон арқылы арнайы операциялар жүргізбейді.
– Ешкімге өз дербес деректерін, деректемелерін, қолданылу мерзімдерін, банк карталарының CVV-кодтарын бермеу, аударымдар туралы түбіртектерді, сондай-ақ СМС-кодтар мен кодтық сөздерді, тіпті банк, полиция қызметкерлері және т.б. өкілдеріне де бермеу.
– Бөгде адамдардың өтініші бойынша өз телефоныңа қандай да бір мобильді қосымшаларды орнатпау, бұл қосымшалар алаяқтарға сіздің мобильді құрылғыңызға кіруге мүмкіндік бере алады;
– Тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде белгісіз және тексерілмеген сайттардан және басқа көздерден дербес деректерге сенбеу. Тексерусіз алдын ала төлем жасамаңыз. Тауарды алғаннан кейін төлем туралы келіссөздер жүргізуге тырысыңыз;
– Күмәнді инвестициялық жобаларға ақша салмаңыз. Инвестиция жасамас бұрын, сіз ақша салуды жоспарлап отырған қор нарығын және белгілі бір жобаның заңдылығын мұқият зерделеуіңіз керек;
– Қосымшаларды орнату үшін тек AppStore, PlayMarket және т.б. ресми көздерін пайдаланыңыз;
– Төлем жасауға немесе белгісіз контактілерден немесе қалқымалы терезелерден СПАМ-хабарламаларда қамтылған сілтемелер бойынша өтпеңіз. Көбінесе алаяқтар төлем үшін «фишинг» сілтемесіне өтуді ұсынады;
– Банкинг қызметтеріне кіру парольдерін үнемі өзгертіп отырыңыз, банктер ұсынатын 3D қорғауды және басқа қауіпсіздік шараларын қолданыңыз.