Қызылорда облысында киберполицейлер бес адамды алдаған интернет-алаяқты анықтады
Қызылорда облысының полиция департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп жүргізілген жедел шара барысында жалған жиһаз сатушыны анықтады. Бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдікті өзге облыстың 30 жастағы тұрғыны болып шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті тұлға әлеуметтік желіде ашқан парақшасына жиһаздың суреттерін жариялап, бағасын ел қызығатындай арзан етіп көрсеткен. Ұсталған азамат Қызылорда қаласының төрт тұрғынын және Шымкент қаласының бір тұрғынын алдап, жалпы 1 млн теңгені қалтаға басқан.
Күдікті ұйқамаққа алынды. Тергеу барысында жәбірленушілерге келген материалдық залал толығымен өтеліп, қылмыстық іс негізінен қарау үшін сотқа жолданды.
«Киберпол» қызметі азаматтарға барынша сақ болуды ескертеді.