Қызылорда облысында киік мүйізін тасымалдаған тұрғын ұсталды
Қызылорда облысында киік мүйізін тасымалдаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы ПД Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері "Браконьер" рейдтік іс-шара барысында жеңіл автокөлікпен киік жануарының мүйіздерін заңсыз тасымалдаған аудан тұрғынын құрықтады.
Оқиға орнына жедел тергеу тобы барып, автокөлікті тексеру барысында қапқа салынған 34 киік мүйізі табылды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы шарасы қолданылды.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Іс-шараның басты мақсаты - табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.