Қызылорда облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды
Қызылорда облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының рота қызметкерлері облыс көлемінде "Қауіпсіз жол" ЖПІШ барысында Шымкент - Самара тасжолының бойында жол жүрісі қағидаларын бұзған Dаеwoo Nexia автокөлігін тоқтатты.
Құжаттарын тексеру барысында мас жүргізушінің сот шешімімен былтыр, яғни 2024 жылдың қазан айында 6 айға автокөлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. 28 жастағы жүргізуші сол кезде де автокөлікті мас күйінде басқарған.
Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалып, автокөлік айып алаңына қойылды. Тергеу жүргізіліп жатыр.