Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында көлік тізгіндеген жасөспірім полициядан қашпақ болды

Қызылорда облысында көлік тізгіндеген 17 жастағы жасөспірім полициядан қашып кетпек болған. Бұл дерек бойынша құқық бұзушының өзі де, оның ата-анасы да жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері "Түнгі қаладағы балалар" іс-шарасы барысында Сексеуіл кентіндегі көшелердің бірінде көлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын байқайды. Полиция қызметкерлері дереу бағыт-бағдар беріп, көп ұзамай көлік табылды. Алайда жүргізуші тоқтаудың орнына газды басып, полиция қызметкерлерінен қашып кетпек болды.

Тәртіп сақшылары көлік жүргізушіні жедел тоқтатып, тексеру барысында көлікті жүргізген жасөспірім екенін анықтады. Ол әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен.

Осыған байланысты автокөлікті тиісті құжаттарсыз басқарғаны үшін, полиция қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамағаны үшін, маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін, сондай-ақ заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Кәмелетке толмағанның ата-анасына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасауға әкеп соққан кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру