Қызылорда облысында көлікті басқару құқығынсыз тізгінде болған мас жүргізуші ұсталды
Қызылорда облысында көлікті басқару құқығынсыз тізгінде болған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 20 мамыр күні түнгі уақытта Жалағаш ауданы көшелерінің бірінде полиция қызметкерімен жол ережесін бұзғаны үшін жеңіл автокөлік ВАЗ-2110 тоқтатылды. Автокөлікті басқарған 33 жастағы аудан тұрғыны мас күйінде болды. Анықталғаны, бұл ер адам сот шешімімен 23 ақпан 2019 жылы үш жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алайда ол көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірді.
Оған қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды. Жүргізуші ауданның полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.