Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында көші-қон заңнамасын бұзған мыңға жуық шетелдік анықталды

Қызылорда облысында көші-қон заңнамасын бұзған мыңға жуық шетелдік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының Полиция департаментімен тұрақты түрде шетел азаматтарының нақты келу мақсаттарының шынайлығын анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Мәселен, жыл басынан республика көлемінде «Мигрант» іс-шарасы өткізіліп, нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзған барлығы 765 дерегі анықталып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Заңсыз келуші-2022» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзудың барлығы 585 дерегі анықталды.

Атап айтқанда, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған 949 шетелдік анықталып, шара көрілді. Ооның ішінде ТМД елдерінен келген 41 азамат республика аумағынан аластатылды. Сонымен бірге, шетелдіктердің болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген Қазақстан Республикасының 401 азаматына, яғни жеке және заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік шаралар көрілді.

Жалпы, жыл басынан облыс аумағына түрлі мақсаттармен ТМД елдерінен келген шетелдіктер ҚР ІІМ 8 ақпан,2014 жылғы №76 бұйрығының талабына сәйкес, 6948 азамат жеке кіріс салығы бойынша айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде алдын ала төлемді төлеп, заң талаптарына сай рұқсат рәсімдеп, заңды жұмыс атқаруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру