Қызылорда облысында мал ұрлығы азайды
Қызылорда облысында мал ұрлығы азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі таңда облыс аумағында мал ұрлығының алдын алу бағытында бірқатар жұмыстар жүргізіліп келеді. Мәселен, аталмыш қылмыс былтырғы жылмен салыстырғанда 57,6 пайызға төмендеген.
Бұл жөнінде Қызылорда облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Ербол Рүстембеков айтты.
– Атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстар нәтижесін беріп келеді. Мал ұрлығын ашу көрсеткішінде оң динамика қалыптасты. Биыл полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуімен 23 қылмыстың алдын алу жұмыстары сәтті аяқталды. Сонымен қатар 13 қылмысқа қатысы бар адамдар құрықталып, тиісті шаралар қарастырылды. Мал ұрлығының алдын алу барысында облыстық ветеринарлық инспекциясымен бірлесіп рейдтік жұмыстар жүргізілуде. Рейд жұмыстары алдағы уақытта өз жалғасын табады.Мал ұрлығының басым бөлігі – қараусыз жүрген төрт-түліктер. Осы орайда, мал иелерін төрт-түліктерін құжаттандыру, сырғалау жұмыстарына аса мән беруге, мал жоғалған сәтте полицияға дереу хабарласуға шақырамыз, – деді Ербол Рүстембеков.