Қызылорда облысында мас күйде қайта көлік тізгіндеген жүргізуші жауапқа тартылды
“Қауіпсіз жол” іс-шарасы аясында жүргізуші куәлігінен айырылған 45 азамат қайта жол ережесін бұзды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласы полиция басқармасы қызметкерлерімен қала көлемінде өтіп жатқан “Қауіпсіз жол” жедел профилактикалық іс-шарасының аясында 17 қыркүйек күні Назарбаев даңғылы бойында жол қозғалысы ережесін бұзған Haval үлгісіндегі автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында жүргізушінің 45 жастағы азамат сот шешімімен 2025 жылдың маусым айында мас күйде автокөлікті басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен автокөлік басқару құқығынан айырылғандығы анықталды.
Алайда, ол тағы да заңды бұзып, рөлге отырды. Тәртіп бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 3-бөлігіне сәйкес (Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады) хаттама рәсімделіп, автокөлік айып алаңына қойылды.