Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

Қазалы ауданында мас жүргізуші жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 30 қаңтарда сағат 00:30 шамасында Әйтеке би кенті, Т.Бөріқұлақов көшесі бойында Toyota көлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде жүргізушісі алкогольді масаң күйде көлік басқарғаны анықталды.

Қазіргі уақытта жүргізушіге ҚР Әкімшілік кодексінің 608-бабымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама толтырылып, аудандық соттың қаулысымен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айрылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру