Қызылорда облысында мас жүргізушілер 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды
Қызылорда облысында мас жүргізушілер 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
22 сәуір күні сағат 19:50 шамасында Әйтеке би кенті6 Ж.Аймауытов көшесінің бойында Ваз-2107 автокөлігі тоқтатылды. Наркологиялық орталыққа апарып тексергенде «ауыр дәрежелі» мас күйде болғандығы анықталып, көлік құралы айып тұрағына қойылды. Тексеру кезінде автокөліктің иесі алкогольді ішімдік ішкен күйде бола тұра, алкогольді масаң күйдегі жанындағы досына автокөлігін жүргізуге бергендігі анықталды.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен хаттама рәсімделсе, көлік құралының заңды иесіне алкогольді масаң күйдегі адамға басқаруға беру дерегі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылып, Қазалы аудандық сотының қаулысымен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Сонымен қатар Қазалы ауданы көлемінде жыл басынан автокөлікті масаң күйде басқарған 24 жүргізуші анықталып, сот қаулысымен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.