Қызылорда облысында мәслихат депутаттары полиция бөлімшелерін аралады
Қызылорда облысында мәслихат депутаттары полиция бөлімшелерін аралады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Сейтмұрат Туляпов облыстық мәслихат депутаттары Әмірбек Шаймағамбетов, Аида Әбибуллаева және Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары Алия Жақыпбаевамен бірге департаменттің бірқатар ғимараттарын аралап, материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты.
Ғимараттар қажетті заманауи техника, байланыс құралдары және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Департамент бастығының орынбасары тәртіп сақшыларының қызмет атқаруға және тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді орындауға дайындығын көрсетті.
Депутат Ә.Шаймағамбетов полицияның қоғамдағы рөлін ескере келе, тәртіп сақшыларына әлеуметтік қолдау қажет екенін атап өтті. Аталмыш басқосуда жұмыс жағдайларын жақсартуға қатысты басқа да мәселелер талқыланды.