Қызылорда облысында мәжбүрлі еңбекті орындаудан жалтарған сотталған бас бостандығынан айырылды
Қызылорда облысында мәжбүрлі еңбекті орындаудан жалтарған сотталған бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотының осы жылдың 16 тамызындағы үкімімен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі бойынша 1,6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған О. есімді азамат мәжбүрлі еңбекті орындаудан қазан айы бойы жалтарғаны үшін 26 қазан күні Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотына бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыным жолданды.
Яғни, О. есімді сотталғанға сот тарапынан қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза тағайындалғанына қарамастан, 2023 жылдың қазан айы бойы мәжбүрлі еңбекті орындаудан қаскөйлікпен жалтарған және сол үшін оған бірнеше рет жазбаша ескерту жарияланған.
Алайда оған қарамастан О. есімді сотталған мәжбүрлі еңбекті орындаудан қаскөйлікпен жалтаруын тоқтатпаған.
Қазақстан Республикасы ҚАК-нің талаптары бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамның мәжбүрлі еңбекті орындаудан бас тартуы немесе дәлелді себептерсіз мәжбүрлі еңбекті орындаудан жалтаруы – бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуді қаскөйлікпен бұзушылық болып саналады.
Аталған ұсынымды 20 қараша күні қарау кезінде сот отырысына Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған қайта қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаупі жоғары сотталғандар қатыстырылды.
Сонымен қоса сот отырысында прокурормен сотталғанның жазасын ауыстыру туралы қорытынды берілді.
Осыған орай, О. есімді сотталған бас бостандығын шектеу жазасының 1 жыл 3 ай 15 күн өтелмеген мерзімі нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленген. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.