Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында медицина мамандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары талқыланды

Қызылорда облысында медицина мамандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары талқыланды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

2025 жыл елімізде “Профилактика жылы” деп жариялануына байланысты Қызылорда облысы полиция департаменті күзет қызметін бақылау бөлімі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің облыстық департаментімен бірлесіп, денсаулық сақтау саласындағы қауіпсіздік шараларын күшейту бағытында жұмыстар жүргізуде.

Осы мақсатта аймақтағы денсаулық сақтау ұйымдарының, дәріханалардың басшылары мен мамандарының қатысуымен жұмыс кездесуі ұйымдастырылды. Басқосуда денсаулық сақтау нысандары мен олардың маңындағы аумақтарда пациенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары талқыланды.

Жиын барысында нысандардың мүліктік қауіпсіздігін сақтау, қоғамдық тәртіпті сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері сөз болды. Сонымен қатар заманауи қауіпсіздік жүйелерін – бейнебақылау, дабыл жүйелері, жоғары технологиялық күзет құралдарын орнатудың маңыздылығы айтылды.

Полиция департаменті мен салалық ұйымдар бірлесе отырып, профилактикалық шаралар арқылы денсаулық сақтау мекемелерінде қауіпсіз әрі тыныш орта қалыптастыруды көздеп отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру