Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында медицина қызметкерлері сотталғандармен кездесті

Қызылорда облыстық медицина орталығы басшысының бірінші орынбасары мен қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінің басшылық құрамы сотталғандардың денсаулық жағдайымен танысып, жеке сұрақтары бойынша қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Медицина қызметкерлері мекемені аралау барысында сотталғандарға медициналық көмек көрсетуді арттыру және медициналық қызмет көрсетудің бірыңғай жүйесін құру басты мақсат екенін атап өтті.

– Біздің мақсатымыз – сотталғандарды қазіргі заманғы тексеру, диагностика және емдеу әдістеріне қол жетімділігі кең болуына көз жеткізу. Олардың жай-күйін бақылап, мазалап жүрген сауалдарына жауап беру, – деді Жұмаш Нұржан.

Өз кезегінде ҚР ІІМ ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің бастығы Мақсұт Өтетлеуов сотталғандардың денсаулығына қажеттілікті мекеме тарапынан талап ету ажырамас құқығы екенін атап өтті.

– Менің бүйрегіме ота жасалған. Басқа адамның бүйрегімен жүргеніме биыл 5 жыл болды. Соңғы кезде денсаулығым сыр беріп, бүйрегімнің де ауырғаны қайта басталды, – дейді П. есімді азамат.

Өз кезегінде мамандар аурудың белгілерін сұрап, сотталған азаматтың денсаулық тарихымен танысып, тағы бір тексеріс жұмыстарын жүргізетінін айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру