Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында “Мен жас сақшымын” атты тәрбиелік сағат өтті

Қызылорда облысында  “Мен жас сақшымын” атты тәрбиелік сағат өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы ПД Қармақшы аудандық полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің ювеналды полиция тобының инспекторы Ержан Омаров Жосалы кентіндегі Т.Көмекбаев атындағы №250 қазақ орта мектебінде тәрбие сағатын өткізді.

Аталған іс-шараға 10-сынып оқушылары қатысты.

Іс-шараның мақсаты — оқушылардың құқықтық сауатын арттырып, заңға бағынудың маңызын ұғындыру.

Тәрбиелік сағат барысында полицей жасөспірімдерге құқықтық тәртіптің қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін, заң талаптарын сақтаудың әлеуметтік жауапкершілігін нақты мысалдармен түсіндірді.

Оқушылар да полицеймен пікір алмасып, толғандырған сұрақтарын қойды.

Мұндай шаралар жастардың бойында қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін арттырып, құқыққа деген құрметті қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру