Қызылорда облысында оқу-жаттығу іс-шарасы өткізілді
Қызылорда облысында оқу-жаттығу іс-шарасы өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз етуде қауіпсіздік шараларының рөлі зор. Әсіресе, жарылғыш заттар сақталатын орындар мен қару-жарақ сататын дүкендер және өзге де маңызды нысандардың қауіпсіздігін сақтау аса маңызды міндет екені айқын.
Аталған нысандарда құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері мен жеке күзет ұйымдарының бірлескен іс-қимылдары маңызды орын алады. Осы орайда Қызылорда облысы полиция департаментінің күзет қызметін бақылау бөлімінің аумағында жарылғыш заттары бар объектілерде түрлі тапсырмаларды орындау бойынша ішкі істер органдары және жеке күзет ұйымдарының қызметкерлері арасында бірлескен оқу-жаттығу іс-шарасы өткізілді.
Оқу-жаттығу іс-шарасы барысында Қызылорда қаласында ораласқан қару-жарақ сататын дүкендерін жеке күзетпен және орталықтандырылған бақылау торабымен күзетке алған жеке күзет ұйымдарының жедел ұтқыр топ күзетшілерінің нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі, күзетілетін объектілерге жасалған шабуылға тойтарыс беруде атқаратын іс-қимылдарына нақты баға беру және экстремалдық жағдайларда тиісті дағдыларды алуы және даярлығы, күзетілетін объектілерге жасалған шабуылға тойтарыс беруде ІІО жасақшыларымен өзара іс-қимыл жасасуды жетілдіру және қылмыстық қол сұғушылықтардың жолын кесу мен алдын алу бағытында оқу-жаттығу іс-шаралары өткізілді. Іс-шара қорытындысымен оқу-жаттығу барысы талқыланып, қатысушылардың іс-қимылдарына баға берілді.
Жеке күзет ұйымдарының күзетшілері қауіпсіздіктің алдын алу бағытында полиция қызметкерлерімен бірлескен оқу-жаттығуы барысында сеніп тапсырылған аумақтың қауіпсіздігін қорғауда ішкі істер органдарының жасақшыларымен өзара іс-қимылдар жасасып, нысандардың инженерлік-техникалық нығайтылуына аса мән берілді.
Облыс көлемінде жарылғыш заттарды сақтайтын объектілерге, қару жарақ сататын дүкендерге жергілікті ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу және жеке күзет ұйымдары күзетшілерінің іс-әрекеттерінің сапасын жақсарту мақсатында алдағы уақытта жоспарлы жұмыстар жүргізілетін болады.