Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қызылорда облысында оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қызылорда қаласындағы №295 орта мектептің 6-11 сынып оқушыларына арналған түсіндірме кездесуі өткізілді.

Қызылорда облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция тобының аға инспекторы Р.Е. Абдразақова, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі А.А. Киясов және киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Н.Т. Ермаханов қатысты.

Кездесу барысында оқушыларға бұзақылық, буллинг, интернет қауіпсіздігі, кибербуллинг, лудомания, нашақорлық және зорлық-зомбылық қылмыстарының заң алдындағы жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ оқушылар сала мамандарына өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Айта кету керек, облыс көлеміндегі барлық білім беру ұйымдарында балалар мен жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық дәрістер мен кездесулер тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру